Хабарландыру
Қамқоршылық кеңес құру бойынша
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының негізінде №32 «Ботақан» бөбекжай-бақшасы МКҚК Қамқоршылық кеңес құрамының құрылуы туралы хабарлайды.
Осыған орай балабақша әкімшілігі жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдерін, коммерциялық емес ұйымдардың бір-бірімен және балабақша меңгерушісімен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ өкілдері, балабақшаның ата-аналар комитеті ұсынған тәрбиенушілердің ата-аналарын немесе заңды өкілдерін №32 «Ботақан» бөбекжай-бақшасының қамқоршылық кеңес құрамына кіруге шақырады.
Сұраныс қабылдау мерзімі 2023 жылдың 4 қыркүйегінен 11 қыркүйекке дейін.
Байланыс телефондары. 8(7262) 43-40-26